Ильин Ильин әлі күнге дейін Аяз атаға сенетінін айтты

Олимпиада чемпионы Илья Ильин Аяз атаға әлі де сенетінін және өзін іштей әлі бала сезінетінін мойындады.

"Біз Аяз ата жоқ деп өзімізді-өзіміз алдаймыз. Шындығында, ол көшелерде жүріп, жаңажылдық кештерде бізді құттықтайды, бізге сыйлықтар сыйлап, балаларымызды қуантады. Ол - үйлерімізге енетін осы бір ерекше мерекенің лебі. Сену керек, әрқашан аз болса да бала болу керек, барлығымыз іштей баламыз ғой. Жұмыс кезінде ересек адам болыңыздар, бірақ бәрінде үйлесімділікті сақтаған жөн", - деді  тілшілерге берген сұхбатында Илья Ильин.

Олимпиада чемпионы ересектерді қатып қалған қасаң үлгілерді ұстанудан арылуға шақырды.

"Кейде өзіңді бала тәрізді сезінудің еш сөкеттігі жоқ. Мұндайда жан-дүниең бір жеңілдеп қалады. Балалық шағыңды өстіп "басыңнан қайта өткергенде" ғана байыпты адамға айнала аласың", - дейді ол.

Спортшының айтуынша, ол кейде өзіне және достарына арнап түрлі ойыншықтар сатып алады.

"Балалық шағымда, бозбала кезінде штангамен көп шұғылдандым. Қазір қызыммен ойыншық дүкендерін аралаған кезде тікұшақтар, тағы басқа ойыншықтармен жеткілікті ойнай алмағанымды сезінемін. Кейде оларды 5-10 минут уақыт қана ойнау үшін сатып аламын, маған осының өзі жеткілікті. Ал кейде теңіз жағажайындағы құмнан жасалған мүсіндерді көрген кезде өзімнің қалай балшықтан қалашық тұрғызғанымды аңғармай қаламын. Осындайда бала жаным бір сергіп қалады", - деп ағынан жарылды спортшы.

Оның пікірінше, адамдар тіршіліктің таңғажайып құбылыстарына деген сенімдерін жоғалтпаулары керек.

"Әрине, мұндай таңғажайыптарды сана-сезімдерімізбен, іс-әрекеттерімізбен, ой-өрісіміздің жемістерімен біздің өзіміз жасаймыз. Бірақ сенім болған кезде олар жиі орындалады", - деп түйіндеді сөзін И.Ильин.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: