Хамес Родригестің әйелі жағымсыз пікірлерден кейін мұрнын өзгертті

Әйгілі футболшы Хамес Родригестің әйелі жанкүйерлердің сынына ұшырағаннан кейін, пышақтың астына түсуге мәжбүр болды. Әйгілі футболшының жұбайы пластикалық ота жасату арқылы мұрнының пішінін өзгертті.

Бұл туралы lite.bnews.kz жазады.

Хамес Родригес биыл жазда "Реал Мадрид" футбол клубымен келісімшартқа отырды. Әйгілі футболшы сол сәттен бастап-ақ клуб жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленді.

Олар аяқдоп шеберінің жасыл алаңда тамаша ойын өрнегін көрсететінін ғана емес, сондай-ақ оның сымбатты келбетін айтып, ғаламтор желісінде жағымды пікірлерін қалдыруда.

Тек футболшының Даниэла есімді әйеліне жанкүйерлердің көңілі толмағанға ұқсайды. Әлеуметтік желі пайдаланушылары оның сырт-келбетіне қатысты жағымсыз пікірлерін айтып тіл тигізген.

Осыдан кейін болар, Хаместің жары пластикалық ота жасатып, мұрынының пішінін өзгерткен.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: