Гранаткин турнирінде Қазақстан жастары Молдовадан ұтылып қалды

Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Санкт-Петербургте өтіп жатқан Гранаткин мемориалында тағы да ұтылды.


Бұл жолы Молдова жеткіншектерінен 0:3 есебімен оңбай жеңілді, деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан ХХVІІ Гранаткин мемориалында Қазақстан U-19 құрамасы жеңілістен көз ашар емес. Үш ойын өткізіп, үшеуінде де ұтылды. Тіпті бірде-бір гол соға алмай, діңкелері құрып жүр.

Әуелі Болгария бозбалаларынан 0:2 есебімен ұтылды, одан соң Словения жеткіншектеріне 0:1 есебімен есе жіберіп алды. Енді, міне, Молдова жасөспірімдерінен ойсырай ұтылып отыр.

Ойынның алтыншы минутында-ақ екі доп айырмасымен ұтыла бастаған соң, біздің бапкерлер бірінші таймда-ақ төрт рет ойыншыларымызды алмастыруға мәжбүр болды.  Молдованың бұл құрамасы – негізінен 18-ге де толмаған жеткіншектер. Олар алғашқы топтық кезеңде Ресейдің жассөспірімдер құрамасынан 0:2 есебімен, ал Литва бозбалаларынан 0:1 есебімен ұтылып қалған болатын.

Сол екі жеңілістерінің есесін олар Қазақстан U-19 құрамасынан қайтарды. Айтпақшы, ертең Эстония өрендерімен кездеседі.

Қазақстан U-19 – Молдова U-19 – 0:3

Голдар: Муфтолла, 5-автогол. Матей, 6. Мандриченко, 77.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: