Google басшысы әлемдік БАҚ-тың ең ықпалды тұлғасы деп танылды

Лондондық The Guardian газетінде әлемдік бұқаралық медианың 100 ең ықпалды тұлғаларының тізімі жарияланды. Биыл рейтингтің көш басында Google компаниясының негізін қалаушылардың бірі, оның атқарушы директоры Ларри Пейдж тұр.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Рейтингтің екінші орнын Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг алды. Үшінші орында - Apple компаниясының басшысы Тим Кук.

Төртінші орында - Би-би-си мультимедиялық тобының басшысы Тони Холл болса, ал бесінші сатыға Amazon-ның атқарушы директоры Джефф Безос орналасқан.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: