Головкин «Жыл боксшысы» атағына үміткерлер арасында бірінші орында келеді

Геннадий Головкин Bad Left Hook сайтында жүргізіліп жатқан "Жыл боксшысы" атануға таласушылар арасында көш бастап келеді.


Аталмыш басылымның хабарлауынша, бұл тізімге ағымдағы жыл ішінде айрықша ойынымен ерекшеленген ондаған боксшылар енгізілген.

Қазіргі кезде рейтингті 47% дауыс жинаумен қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин бастап тұр.

Одан кейінгі орындарды әзірге Мэнни Пакьяо - 22%, Сергей Ковалев (11%), Теренс Кроуфорд (10%), Флойд Мейвезер (3%), Николас Уолтерс (2%), Роман Гонсалес (2%), Сауль Альварес (1%), Владимир Кличко (1%) және Наоя Иноуэ (0%) иеленген.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: