Франсуа Олланд Қазақстаннан Парижге қайтар жолда Ресейге соғып кетеді

Франция президенті Франсуа Олланд Қазақстаннан Парижге қайтар жолда Ресейге барады, деп хабарлады Утро.ру.

"Ресей мен Франция президенттері Владимир Путин мен Франсуа Олланд сенбі күні Мәскеуде кездесу өткізеді", - делінген хабарламада.

Франция президенті Қазақстаннан Парижге шыққан жолда транзитпен Мәскеуде болады. Кеше Астанада Олланд Франция, Ресей, Германия мен Украина басшылары бірлесіп, осы мемлекеттердің қарым-қатынасындағы шиеленіскен жағдайды бәсеңдету бойынша процесті бастау керектігін мәлімдеді.

"Қазіргі шиеленіс пен қысым мәселенің шешімі бола алмайды, - деді Қазақстан астанасында өткен баспасөз конференциясында Франция Президенті, - және біз Путин, Порошенко және Меркель ханыммен бұл шиеленісті бәсеңдетуге қатысты процесті бастауымыз керек".

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: