Франция президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді

Франция президенті Франсуа Олланд мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді. Фото: AFP©

"Сапардың мақсаты – қос мемлекеттің арасындағы ынтымақтастықты нығайту", - делінген жұмадағы жариялымда.

Франсуа Олланд Қазақстанда 5-6 желтоқсан күндері болады деп жоспарлануда. Хабарға сәйкес, Франция президенті Қазақстанға 50 шақты бизнес өкілдерінің сүйемелдеуімен келген.

Сөйтіп, делегация құрамында Veolia, Total, EDF, Airbus Helicopters корпорацияларының басшылары мен басқалар бар. Одан өзге, Қазақстанға Франция жоғары оқу орындарының өкілдері келіп жеткен.

Франция президенті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп күтілуде, сондай-ақ екі елдің көшбасшылары қазақстандық-француздық бизнес-форумға қатысады.

Бұдан бөлек, Франция президенті Астанада генерал Шарль де Голльдің ескерткішін ашады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: