Франция Қазақстан азаматтары үшін визасыз тәртіпті енгізу мәселесін қарастырады

Франция тарапы Қазақстан азаматтары үшін визасыз тәртіпті енгізуді жоққа шығармайды. Франсуа Олланд

Бұл туралы бүгін Ақордада елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздерден кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде Франция президенті Франсуа Олланд мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

"Иә, біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз және тиісті пікір алмасулар жүріп жатыр. Әрине, біз туристердің көптеп келуін қалаймыз, сондықтан да жеңілдетілген әкімшілік рәсімдерді қамтамасыз етуіміз қажет", - деді Франсу Олланд.

Сөз соңында Франция басшысы Қазақстан үшін визасыз тәртіпті іске қосу дұрыс қадам екендігін, алайда оны жүзеге асыруға әлі жетпегендіктерін атап өтті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: