Forbes Голливуд киностудиясында ең табысты жұлдызды атады

Американдық Forbes журналы жұма күні голливудтық киностудияға ең көп кіріс әкелген актерлердің биылғы жылғы тізімін жариялады. Рейтингте алғашқы орынды 24 жастағы Дженнифер Лоурен иеленді.

Ол қатысқан фильмдер ағымдағы жылы әлемдік прокатта $1,4 млрд жинаған. Лоуренс мұның алдындағы Forbes құрастырған ең көп ақы төленетін Голливуд актрисалары тізімінде екінші орында болған.

Басылымның мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылғы маусым айынан 2014 жылғы маусым аралығында ол $34 млн қаржы тапқан.

Ал бұл рейтингтегі бірінші орын кірісі $51 млн құраған Сандра Буллоктың еншісінде.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: