Facebook-те «ұнамайды» деген тетік болмайды

Facebook компаниясының басшысы Марк Цукерберг әлеуметтік желіде "ұнамайды" (dislike) деген перненің пайда болуына қарсы екенін айтты. Бұл туралы ол бейсенбі күні Калифорния штатының Менло-Парк қаласындағы штаб-пәтерден хабарлаған.

Facebook материалды кейін оқу немесе қарау үшін шығарылған "Сақтау" пернесін таныстырды. Эмоцияны білдіретін пернелер, оның сөзіне қарағанда, комментарийді көп жазбайтын адамдарға пайдалырақ.

"Көпшілік "ұнамайды" пернесінің керектігі туралы айтады. Бұл мәселені қарастырып отырмыз. Адамдар кей нәрсенің жаман екендігін білдіргісі келеді. Алайда бұл пайда әкеледі деп ойламаймын. Біз бұл пернені шығармаймыз", - деді компания басшысы Цукерберг.

Сонымен қатар ол пайдаланушыларға әдеттегідей кез-келген жазбаның астына өз пікірлерін қалдыра алатынын жеткізді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: