Еуропа «Оңтүстік ағынға» балама бағыт тапты

Әзірбайжан, Түркіменстан мен Қазақстанның газы Ресейді айналып өтіп, Еуропаға жеткізіледі.

Бұл туралы "РБК" мәлімдеді деп хабарлайды Астана арнасы.

Энергетикалық одақ жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчовичтің айтуынша, Әзірбайжан, Түркіменстан және Қазақстан кен орындарынан "көгілдір отынды" 2019 жылға қарай алу жоспарланған.

Шефчович сондай-ақ, аумағынан "Оңтүстік ағынның" газ желілері тартылады, деп жоспарланған елдер бұл жаңа жобаның жүзеге асуына келісім бергенін де атап өтті.

Ақпаратқа сай, "Оңтүстік газ дәлізі" бірнеше ірі газ құбырларын бір орталыққа біріктіруі тиіс. Осылайша, Әзірбайжан, Түркіменстан мен Қазақстанның газы Ресейді айналып өтіп, Еуропаға жеткізілмек.

Болашақта Ирак пен Иранның көгілдір отынын да осы жолмен тарту жоспарда бар. Жобаның жалпы құны $45 млрд.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: