Еуроодақтың жаңартылған «қара» тізіміне қазақстандық 19 әуекомпания енді

Еуроодақтың жаңартылған "қара" тізімінде қазақстандық 19 әуекомпания бар, деп хабарлады Еурокомиссияның баспасөз қызметінен.

"Онша сенуге болмайтын авиатасымалдаушылардың жаңартылған тізімінде 308 авиакомпания бар. Оларға Еуроодақ елдеріне ұшуға тыйым салынған: Ауғанстан, Ангола, Бенин, т.б. және Қазақстан (ұшу қауіпсіздігі талабына жауап беретін бір авиакомпаниядан басқалары)" , - делінген баспасөз парақшасында.

Бұл ретте қара тізімде 19 қазақстандық авиакомпания бар. Оның ішінде Scat, Kazair Jet, Irtysh Air, Jet Airlines, Bek Air, Қазавиақұтқару және т.б. әуекомпаниялар.

Еуроодаққа ұшу рұқсатын тек ұшақтардың белгілі түрлеріне ғана бір ғана қазақстандық әуекомпания алды.

"Одан басқа, тізімде 10 авиакомпанияға белгілі шектеулермен ұшуларына болады. Ол әуекомпаниялар Еуроодақ елдеріне тек белгілі ұшақтардың түрлерімен ғана ұшуларына рұқсат етілген. Ол әуекомпаниялар: Air Astana (Қазақстан), Afrijet, Gabon Airlines және SN2AG (Габон), Air Koryo (КХДР), Airlift International (Гана), Air Service Comores (Комор аралдары), Iran Air (Иран), TAAG Angolan Airlines (Ангола) және Air Madagascar (Мадагаскар)", - делінген хабарда.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: