«Евровидение-2015» байқауын алғаш рет тарихта әйел адамдар жүргізеді

Австрияның ORF ұлттық хабар таратушысы "Евровидение-2015" еурошоуын келесі жылы жүргізетін адамдардың есімдерін атады. Олар - Мириам Вейхсельбраун, Алис Тамлер және Арабелла Кьесбауэр.

Бұл байқау тарихында оны үш бірдей әйел жүргізетін алғашқы оқиға. Мириам Вейхсельбраун - Австрияның танымал тележүргізушісі, орталық телеарналарда қызмет атқарады.

Алиса Тамлер болса бес шет тілін меңгерген, теледидардағы ойын-сауық бағдарламаларын жүргізеді. Арабелла Кьесбауэр шоу-бизнес әлеміне 90-шы жылдардың басынан бері атсалысуда, ол елдегі ірі ток-шоулардың жүргізушісі, қайырымдылық және құқыққорғау қызметтерімен айналысады.

ORF директоры Катрин Зехнердің айтуынша, жүргізушілерді таңдау ең алдымен "Евровидение-2015" байқауының идеясы мен "Building Bridges" ұранына негізделген.

Бұл бойжеткендер түрлі жас ерекшеліктерімен ерекшеленіп, еуропалық халықтардың дәстүрлерін паш етеді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: