Ерлі-зайыпты Буштар платина тойын өткізді

АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джордж Буш жұбайы Барбара Бушпен бірге 70 жылдық үйлену мерейтойларын атап өтті. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

UPI агенттігінің мәлімдеуінше, бұл оқиға – АҚШ президенттік жұптарының тарихындағы тұңғыш жағдай.

Джордж Барбарамен ең алғаш 16 жасында би кезінде танысыпты. Арада 1,5 жыл өткен соң, яғни 1945 жылдың 6 қаңтарында ғашықтар Нью-Йорк штатының Рай қаласында шаңырақ көтереді. Бүгінде 6 бала тәрбиелеп отыр.

Жасы 90-ды алқымдаған отағасы жақында ғана ауруханадан емделіп шыққаны белгілі. Әлі де өзін тың сезінетін бұрынғы президент Twetter желісіндегі жеке парақшасында бірінші ханымына арнап ыстық сүйіспеншілігін білдіріпті.

Онда: "Тура 70 жыл бұрын естен кетпес дәл осы күні Барбара Пирс мені жер бетіндегі ең бақытты және табысты жан ете білді", - делінген.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: