Еркектердің әйелдерге қарағанда ақымақтау болатыны дәлелденді

Өлгендерге берілетін "Дарвин сыйлығын" ұйымдастырушылар әйелдерге қарағанда ер азаматтардың ақымақтау келетінін анықтапты.


Зерттеу жүргізгендер қайтыс болған 318 ақымақты тексере келе, олардың арасында бас-аяғы 38 әйелдің барын анықтаған.

"Дарвин" сыйлығын иеленген ақымақтар тізімін қолдан бомба жасап, өзі жасаған бомбаның құрбанына айналған лаңкес бастап тұр.

Сонымен қатар, сыйлық алған ақымақтар арасында лифт кабинасында тұрып, лифттің арқанын ұрлауға талпынған ақымақ та бар. Сөйтіп, арқанды ажыратқан ақымақ лифтпен бірге төмен құлдилап, сол жерде тіл тартпай кеткен.

"Дарвин" сыйлығын ұйымдастырушылардың айтуынша, адамның қиялына кіріп-шықпайтын төтенше жағдайлардың 90 пайызында ер-азаматтардың мертігіп жататынын анықтаған.

Бұл сыйлық ақымақтарға 1985 жылдан бері табысталып келеді. Сыйлық эволюция теориясының негізін қалаған Чарльз Дарвиннің құрметіне осылай аталып кеткен.

Авторлардың айтуынша, өз қателігінің құрбанына айналған ақымақтар адамзаттың дамуына үлкен үлесін қосқан.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: