Елдос Сметов жылдың үздік дзюдошысы атанды

Confederation.kz порталы отандық БАҚ өкілдері мен мамандар арасында 2014 жылдың үздік дзюдошысын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнама қорытындысы бойынша Елдос Сметов үздік дзюдошы атанды.

Дәстүрлі сауалнамаға қатысушылардың таңдауы бойынша, ХVІІ Жазғы Азия ойындарында қазақ дзюдосының тарихында болмаған алтын жүлдені еншілеп, тарихи жеңіске қол жеткізген Елдос Сметов мамандар мен журналистер тарапынан жоғары баға алды.

Әзірге отандық татами шеберлері арасында құрлық Олимпиадасынының алтынын алған жалғыз Сметов қана. Тәуелсіз ел ретінде Қазақстан жазғы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысатынын ескерсек, Елдостың бұл жетістігінің бағасы қаншалықты екенін есептей беруге болады.

Confederation.kz порталының таңдауы бойынша "2014 жылдың үздік дзюдошысы" сауалнамасының нәтижесі:

1. Елдос Сметов - 48 дауыс

2. Максим Раков - 2 дауыс

3. Азамат Мұқанов, Бауыржан Жауынтаев - 1 дауыстан иеленді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: