Елден шығуға тыйым салынған қазақстандықтар айыппұлдарын әуежайларда өтей алады

Айппұлдар бойынша қарыздарына байланысты елден шығуға тыйым салынған қазақстандықтар келесі жылдан бастап қарыздарын әуежайларда төлей алатын болады, деп хабарлады Әділет вице-министрі Бақытжан Әбдірайымов. Фото: ИА "Новости-Казахстан"

Қарызы бар немесе әкімшілік айппұлдарды төлемеген қазақстандықтар шетелге шыға алмайды. Бұл мәселені шешу үшін министрлік арнайы терминалдарды әуежайларда, теміржол және автокөлік вокзалдарында орнатуды ұсынып отыр.

"Яғни, қарызы бар азаматтарға электронды форматта айыппұлдарды төлеуді қолжетімді етпекпіз. Менің ойымша, бұл қалыпты өркениетті тәжірибе және осы тәжірибені алдағы жылдан бастап енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді министрдің орынбасары.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: