Елбасының «Нұрлы жолы» Рузвельттің саяси бағдарымен салыстырылды

Жамбыл облысы активімен кездесуінде республикалық ақпараттық топтың басшысы Мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлы елбасының жолдауы мен Ұлы депрессия кезінде АҚШ президенті Франклин Рузвельттің жүргізген саяси бағдарымен ұқсас екендігін айтты.

Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының әлемде қалыптасқан экономикалық-саяси жағдай кезіндегі өзектілігі туралы айрықша атап өткен министр "Бағдарламаның негізгі мақсаты - қосымша жұмыс орындарын даярлауға мемлекеттік шығындарды ұлғайту, қаржы институттарын дамыту үшін жағдай жасау, "қара" нарықты қысқарту мен әлеуметтік саясатты дамыту арқылы азаматтардың материалдық жағдайын жақсарту", - деді министр.

Еске сала кетсек, Назарбаевтың "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" жолдауына түсініктеме беру республикалық ақпараттық топтың мүшелері 19 желтоқсанда Жамбыл облысында өз жұмысын бастады.

Мақсат - елбасы жаңа жолдауында айшықтаған міндеттерді жүзеге асыру жолында қоғамды біріктіру бойынша кең ақпараттық жұмыс атқару.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: