Елбасы Украинаға бейбітшілік пен тыныш өмір тіледі

Бейбітшілік, тұрақтылық болғанда ғана өмір үшін жайлы жағдай жасауға болады.

Бұл туралы  Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі брифинг барысында айтты.

"Украина халқы үшін сұмдық жайт орын алды. Ешкім де ішкі қақтығыстың, азаматтық соғыстың боларын ойлап көрген емес. Жалпы, соңғы жылдарда майданда оқиғалар толассыз орын алуда. Экономиканы көтеріп, адамдардың өмірін жақсартудың орнына сізге осымен айналысуға тура келді", - деді  Назарбаев Петр Порошенкоға қарата.

Осы ретте елбасы Қазақстанның соңғы жиырма жылдағы жетістіктеріне кеңінен тоқталып, осы уақытта еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 600 доллардан 14 мың долларға дейін көтерілгенін баса айтты.

"Біз осы аралықта Астананы салдық, еліміздің барлық өңірін көтердік. Индустрияландыру аясында төрт жыл ішінде 700 кәсіпорын салдық. Мұның барлығы да көпұлтты Қазақстандағы бейбітшіліктің, тыныштықтың арқасы. Украинаға да соны тілеймін. Тек бейбітшілік, тұрақтылық болғанда ғана өмір үшін жайлы жағдай жасауға болады", - деді мемлекет басшысы.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: