Елбасы Порошенкомен арадағы әңгімені Путинге кейін айтып береді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы 21-ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы келісімді ратифиациялау жөніндегі грамота алмасу хаттамасына қол қойды.


Желтоқсанның 22-сі түнге қарай өткен кездесуде Назарбаев Путинге келесі жылы қаңтардың 1-інен бастап Еуразия экономикалық одағы жұмыс істей бастайтынын айтып, "кейбір қиындықтарға қарамастан одаққа мүше елдер ЕАЭО-ны қолдауы тиіс екенін" жеткізген.

Киевте Украина президенті Петр Порошенкомен кездесуі жайлы айтуын сұраған Путинге Назарбаев кездесулері жайлы кейінірек әңгімелейтінін айтқан. Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге Киевтен барған.

Ол Мәскеуде бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы кеңесінің сессиясына және Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: