Елімізде 25 жылдан бергі бэби-бум басталды

Республикамызда бэби-бум басталды. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, елімізде осы жылдың алғашқы жартысында-ақ дүниеге 198 мың сәби келген.


Сарапшылардың пайымынша, мұндай демографиялық көрсеткіштерімен 2014 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихына бала туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатылған жыл болып енуі мүмкін, деп жазады "Экспресс-К" басылымы.

Соңғы рет бала туу бойынша мұндай көрсеткіш ширек ғасыр бұрын тіркелген екен. Жалпы, еліміздің халық саны жоспарланғаннан әлдеқайда тезірек өсіп жатыр.

90-шы жылдардағы демографиялық есептеулерге сенсек, Қазақстан тұрғындарының саны 2030 жылға қарай 20 миллионға жетуі керек болатын.

Алайда, бүгінгі күннің өзінде республикамызда тұратын азаматтардың саны 17 миллионнан асып жығылады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, күн сайын елімізде мыңнан аса нәресте дүние есігін ашады.

Салыстырмалы түрде алатын болсақ, бір ғана Астана қаласының өзінде Тұңғыш Президент күні мерекесінде 60 сәби дүниеге келіпті.

Бұл былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 10 балаға артық. Қазақстандықтардың бала сүюге деген құлшынысының астарында елімізде орнаған саяси-экономикалық тұрақтылық жатыр дейді демографтар.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: