Еліміздің 5 аймағында өнеркәсіп құлдырап кеткен

Еліміздегі 5 өңірде өнеркәсіптің құлдырағаны байқалып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті.

 
"Өңірлер бөлінісінде 5 өңірде өнеркәсіптің құлдырауы байқалып отыр. Бұл Ақтөбе облысы – 4,7 %-ға, Астана қаласы – 3,7%-ға, Қызылорда облысы – 2,8%-ға, Павлодар облысы – 2,7%-ға және Атырау облысы – 1,1%-ға төмендеді", - деді Әбілқасымова.

Сондай-ақ, вице-министр атап өткендей, Павлодар, Жамбыл, ОҚО, Қарағанды, Қостанай облыстарында ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі қысқарған.

"Ауыл шаруашылығының нақты көлемінің индексі өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3,2%-ға төмендеуі есебінен ағымдағы жылғы 11 айда 99,6%-ды құрады. Мал шаруашылығы өнімін өндірудің нақты көлемінің индексі 103,5%-ды құрады", - деді ол.

Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің төмендеуі дәнді дақылдар өнімін жалпы жинаудың азаюына байланысты. Алдын ала деректер бойынша ағымдағы жылғы 17 млн тонна жиналды, бұл 2013 жылға қарағанда 6,6%-ға төмен

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: