Экс-әкімінің адвокаты Ерлан Арынды толығымен ақтап шықпақ

Павлодар облысының экс-әкімі Арын толығымен ақталып шығуы тиісті, деп есептейді оның адвокаты. Экс-әкім айыптау үкіміне шағым түсірді, деп хабарлады ҚазТАГ. Бостандыққа шыққан экс-әкім Ерлан Арын

"Біз аппеляциялық шағымды пошта арқылы жібердік. Біз айыпталушы толығымен ақталуы керек деп есептейміз, себебі оның айыбы толық дәлелденген жоқ", - деді адвокат Айжан Сабирина жұма күні.

Облыс прокуратурасында оған түсінік беруден әзірге тартынып отыр және сот үкіміне қарсылық берілген-берлімегенін нақтыламай отыр.

Еске салсақ, Павлодар облысының бұрынғы әкімі пара алу, алаяқтық, ақша жымқыру бойынша екі эпизодпен айыпталуда. Айыптау мәліметі бойынша, ол кәсіпкер Илья Теренченкодан алдау жолымен 1 млн 650 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат жымқыру бойынша алаяқтық әрекеттер жасаған, ал кейіннен сол ақшаға автомобиль сатып алып, оны әйеліне тиесілі оқу орнының атына рәсімдейді.

Бұдан басқа, Ерлан Арын "ГрадСтройКомпани" фирмасының қожайыны Умлат Матиевтен аса ірі көлемде (5,6 млн теңге) пара бопсалады деп айыпталуда. Осыған дейін жапа шегуші Илья Теренченко материалды шағымдарынан бас тартты. Ерлан Арынның сот процесі 10 қарашада басталды.

26 қарашада Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын Қылмыстық кодекстің 307 бап 2 бөлімі (лауазымдық өкілетін асыра пайдаланушылық) бойынша айыпты деп танылып, оған 3 жылдық сынақ мерзімімен бірге шартты 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Одан өзге, сот оны 5 жылға дейін мемқызметте лауазым атқару құқығынан айырып тастады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: