Досаев халықты валюталық сұрақтармен «дүрліктірмеуге» кеңес берді

Қазақстан экономикасын долларсыздандыру жөніндегі шаралар қоржыны 2015 жылдың басына қарай жасап шығарылады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап хабарлады.Ерболат Досаев

"Ұлттық банк тиісті қоржынды жасап шығаруда. Біз олармен бірлесіп арнайы жұмыс тобын құрдық, және де біз келесі жылдың басына қарай экономиканың долларсыздандыруын қалайша бірлесіп жүргізетінімізге байланысты шаралардың қоржынын әзірлеп қоюға тиіспіз. Негізгі функцияның Ұлттық банкке артылатыны түсінікті, бірақ біз бүгінде қазіргі долларлану деңгейінің айтарлықтай төмендегеніне аса мүдделіміз", - деді Досаев сәрсенбі күні журналистерге.

"Бұл нарықтың тұрақтылығы үшін де, біздің қалап отырған ішкі нарықты теңгемен дамыту үшін де, импорттың орнын басу және тағысын тағы мәселелер, яғни, бетіндегілері. Оны Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқарады, қаржылық-экономикалық блоктің орынбасарлары, салалық министрліктер қатысады, оған қоса Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары бұл проблемамен жұмыс істеуде", - деді ол.

Мұнымен қатар министр БАҚ өкілдеріне халықты валюталық сұрақтармен “дүрліктірмеуге” кеңес берді.

“Неге Жаңа жылдың алдында адамдарды дүрліктіресіздер? Сіздердің бәріңіз кәсіби журналистерсіздер, мен барлығыңызды сыйлаймын, бірақ сіздердің қоятын сауалдарыңыз... Ресейлік рубль нығайып, барлығы тамаша жүріп жатқанын айта аламын. Солай емес пе?”, - деді Досаев.

Сонымен бірге, министр қазақстандық экономиканы долларсыздандыру бойынша жұмыс тобы тап қандай шараларды қарастырып жатқанын нақтыламады.

"Қашан дайын болады, сол кезде айтамыз. Теңгені көбірек қалаймыз", - деді ол нақты шаралар мен мақсаттар туралы сұраққа жауап беріп жатып.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: