Досаев: Байқоңырдағы тұрғындарға көмектесе алмаймыз

Байқоңыр тұрғындары рубльдің құлдырауына байланысты сұрақтарын жұмыс берушілерге қойсын. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев бүгін Парламент Сенатының кеңейтілген кеңесінде осылай деді.


Ерболат Досаев

Айтуынша, қолдан келер басқа қайран жоқ. Айналымында теңге мен рубль бірдей жүретін Байқоңыр қаласының тұрғындары рубльдің құнсыздануынан зардап шегіп отырғанын хабарлаған болатынбыз.

Мұндағы Қазақстан азаматтары жалақы мен зейнетақыны Ресей рублімен алады. Ал, екінші деңгейлі банктердің филиалдарынан алған несиелерін тек теңгемен төлейді.

Ресей рублі құлдырап, алатын жалақысы мен зейнетақысы мардымсыз болып қалған. Салдарынан қазақстандық азаматтар шығынға батып отыр.

"Олар Ресей кәсіпорындарында жұмыс істегеннен кейін, жалақылары Ресей сомасы болғаннан кейін, көмектесе алмаймыз. Қазақстандық кәсіпорын болса да біз көмектесе алмаймыз", - деді Досаев.

 

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: