Даниал Ахметов ШҚО әкімінің орынбасарларын тағайындады

Кезекті кеңейтілген отырыста Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыс әкімінің жаңа орынбасарларын таныстырды, деп хабарлайды ШҚО-ы ақпараттық орталығынан.


Дүйсенғазы Мусин

Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен ШҚО әкімінің аграрлық секторы бойынша орынбасары болып Көкпекті ауданының бұрынғы әкімі Дүйсенғазы Мусин тағайындалды.

Аталмыш салада тәжірибесі мол Мусин Қазақ ауыл шаруашылығы институтын 1979 жылы агроном мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Жарма ауданы Ленин атындағы кеңшарында агроном болып бастап, бас агроном, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, "Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, президенті қызметін атқарған.

2001-2009 жылдары Жарма ауданының, 2009 жылдан күні бүгінге дейін Көкпекті ауданы әкімі болып еңбек етті. Ауылшаруашылығы саласында атқарған жемісті еңбегі үшін "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған. "Құрмет" орденінің иегері.

Сонымен қатар Курчатов қаласының бұрынғы әкімі Димитрий Гариков облыс әкімінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Гариков еңбек жолын Бородулиха ауданынан бастаған. "Коммуналды шаруашылық" мемлекеттік коммуналдық көпсалалы кәсіпорын басшысы, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің меңгерушсі, аудан әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2011-2013 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болып, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, сумен қамтамасыз ету, құрылыс, автокөлік жолдары және байланыс жұмыстарына жетекшілік еткен. Осы уақытқа дейін Курчатов қаласының әкімі қызметін атқарды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: