Brent маркалы мұнайдың бағасы құлдырап кетті

Мұнай құны құлдырап барады. Әлемдік ірі банктердің қара алтын бағасына жасаған болжамынан кейін Brent маркалы мұнай 5 жыл бұрынғы шекті көрсеткішіне дейін төмендеді.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Қаңтарда болатын сауда кезінде аталмыш марка барреліне 67 доллардан саудаланады деп күтілуде. Ал WTI мұнайының осы айдағы Нью-Йорктің электронды сауда келісімдеріндегі құны барреліне 64 долларға дейін құлдырады.

Өткен жұмада жасасқан келісімдердің барлығы 2009 жылдың минималды көрсеткішінде қорытындыланды. Morgan Stanley қаржы ұйымының сарапшылары 2015 жылы Brent маркасының құны барреліне 98 доллардан 70-ке түседі деп отыр.

"Қара алтынның" құнсыздануын бұған дейін өзге де бірнеше халықаралық банктер болжаған еді. Әлемнің белді сарапшылары келесі жылдың алғашқы 2 тоқсанында баға мүлдем тұрақсыз болады деп отыр.

Saxo Банктің қызметкері Оле Хансен алдағы бірнеше айда Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 60 доллар немесе қазіргі деңгейінен 12 пайызға арзандайды, деп болжам жасады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: