Brent маркалы мұнай бағасы 5 жылдан бері алғаш рет барреліне $63-дан түсті

Жұма күні Лондондағы InterContinental Exchange Futures биржасында 2015 жылғы қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнай бағасы барреліне $62,93 болып, ол алдыңы сауда күнімен салыстырғанда шамамен 1% төмендеп, ол 2009 жылғы 17 шілдемен салыстырғанда ең төменгі баға болды, деп хабарлады rbc.ru.

Жарияланымға сай, мск уақытымен 11.40 сағатқа Brent маркалы мұнайдың қаңтар фьючерсінің құны барреліне $63,21 болды, ол алдыңғы сауда жабылғандағыдан 0,74% төмен.

WTI маркалы мұнайдың қаңтар фьючерсінің құны барреліне $58,86 болды. Жұма күні ОПЕК-тің мұнай себетінің құны 1,4% арзандап, соңғы бес жылдан бері алғаш рет барреліне $60 болды.

Бүгін мұнай экспорттаушыларының халықаралық картелінің хатшылығы хабарлағандай, ОПЕК-тің мұнай себеті есептік аралықта 2014 жылғы 11 желтоқсанға $0,85-ға арзандап, ал оның құны ресми түрде барреліне $60,50 болды.

Бұл 2009 жылғы 13 шілдеден бергі ең төменгі көрсеткіш.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: