Brent мұнайының баррелі 60 доллардан төмендеді

Сейсенбі күні мұнай бағасының төмендеуі жалғасты: Brent мұнайының баррелі 2009 жылдан бері алғаш рет 60 доллардан кем болды, WTI бағасы бір баррель үшін 55 долларды құрады, деп хабарлайды Bloomberg.

Лондонның ICE Futures биржасындағы Brent мұнайының қаңтар айындағы фьючерстері жергілікті уақыт бойынша сағат 10:45-те бір баррель үшін 1,18 (1,9%) доллардан - 59,88 долларға дейін төмендеген.

WTI мұнайы фьючерсінің бағасы қаңтарда Нью-Йорктегі тауар биржасындағы электрондық саудада бір баррель үшін 1,06 (1,9%) долларға дейін түсіп, 54,85 долларды құрады.

Дүйсенбі күнгі сауда бес жылдың ішінде ең төменгі бағалармен аяқталды. Cейсенбі күні таңертең мұнай бағасының Қытайдың қайта өңдеу өнеркәсібіндегі іскерлік белсенділігінің бәсеңдеуі туралы мәліметтерден кейін төмендеуі одан әрі жалғасты.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: