Бесікте таңылған күйінде табылған Бекнұр анасымен табысуы мүмкін

Осыдан 2 ай бұрын Ақтауда бесікке таңылған күйінде даладан табылған кішкентай Бекнұрдың жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы Лада басылымы хабарлайды.

Өсіп-жетілуі жағынан артта қалған Бекнұрға дәрігерлер қауіпті диагноз қойған. Алайда, күтімнің арқасында сәбидің денсаулығы әлдеқайда жақсарып қалды.

Бүгінде Бекнұр Балалар үйіндегі ең пысық әрі епті сәбидің бірі. Өздігімен орнынан тұрып, отыра алады.

"Бекнұрды мүгедек болып қалады деуге әлі ерте. Әрине, бір жыл бойы бесікке таңылған соң, оның бұлшық еттері әлсіз. Дегемен, күтімнің арқасында біз оның болашағына үмітпен қарай бастадық", - дейді "Маңғыстау облыстық мамандандырылған балалар үйінің" бас дәрігері Светлана Жұбандүрлиева.

Болашақта Бекнұр өз анасына да қайтарылуы мүмкін. Себебі, оны кішкентайында тастап кеткен анасы табылды. Бүгінде ол баласын көруге жиі келіп тұрады.

Естеріңізде болса, Бекнұрдың әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылған еді. Алты айдан соң бұл жазаның мерзімі бітіп, анасының Бекнұрды алып кетуіне мүмкіндік бар. Ал Бекнұр  анасын бірден танып, қуана жөнеледі екен.

Еске сала кетейік, екі ай бұрын Ақтауда бесікте таңылған күйінде далада жатқан сәби табылған еді. Бір жыл бойы қаралмаған баланың дамуы тежелген және сүйектері өте әлсіз болды.

Қарны аш, жылаған күйінде табылған баланың тағдырына бүкіл ел алаңдаған еді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: