Беларусьте валютаны сатып алуға 30 пайыз мөлшерінде салық енгізілді

Беларусь Үкіметі валюта сатып алушылар үшін уақытша 30 пайыздық алым енгізді. Оны заңды тұлғалармен қатар жеке тұлғалар да төлеуі керек, деп хабарлады РБК.


Таяуда Беларусь Президенті Александр Лукашенко Ресеймен салыстырғанда, оның еліне ұлттық валютаның дағдарысы қауіпті емес екенін мәлімдеді. Соңғы екі күнде доллар бағамы Беларусь банктерінде шамамен 700 беларусь рубліне дейін өсті.

"Шетелдік валютаға деген сұраныстың артуымен ішкі нарықта валютаны сатып алу кезінде заңды және жеке тұлғалардан уақытша 30 пайыздық алымның енгізілетіні туралы шешім қабылданды. Кәсіпорындар мен банктер бұл алымды биржада валюта сатып алу кезінде, азаматтар банктен валюта сатып алу кезінде комиссия түрінде төлейді. Төленген қаржылар бюджетке бағытталады", - деп көрсетілген Беларусь Ұлттық банкінің хабарламасында.

Валютаны сатып алуға байланысты Беларусьтің валюталық қор биржасы мен банктерінде шектеулер әзірге енгізілген жоқ. Алайда заңды тұлғалармен биржадан тыс валюталық нарықта валюталарды сату мен сатып алу бойынша шаралар уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ 2014 жылдың 19 желтоқсанынан бастап  экспортшылардың валюталық түсімінің міндетті сатылым нормасы 50 пайызға дейін артады. Банктерге 2015 жылдың 1 ақпанына дейін беларусь рублімен несие беруді тоқтатуға және бекітілген несиелік келісімшарттар бойынша қарызгерлердің ақшалай міндеттерінің валюталарын өзгертпеуге кеңес берілді.

"Көршілес мемлекеттердің, бірінші кезекте, Ресей Федерациясының экономикасында қалыптасқан жағдайдан шыға отырып, Беларусь Үкіметі және Ұлттық банкімен Беларустің  валюталық және қаржылық нарығында жағымсыз беталыстардың орын алуын болдырмауға бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Қабылданған шаралар беларусь рубльдеріне деген қызығушылықты арттырып, шетелдік валютаға деген жоғары сұраныс жағдайында валюталық нарықты теңестіру және алыпсатарлықты болдырмауға мүмкіндік береді", - деп көрсетілген Беларусь Ұлттық банкінің хабарламасында.

Александр Лукашенко биліктің ұлттық валютаны құнсыздандырмайтынын айтып, сендірген болатын. Лукашенко сонымен бірге ел билігінен Ресеймен есептесуді рубльден доллар мен еуроға ауыстыруын талап етті.

Беларусь рублі бойынша доллардың ресми бағамы Ұлттық банкте бір доллар үшін 10 мың 890 беларусь рублін құрады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: