Бейбіт Ыстыбаев әке атанды

2012 жылы "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы атанған палуан Бейбіт Ыстыбаев әке атанды. Бейбіттің жары Әйгерім дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелді.

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев пен Бағлан Әбдірайымов инстаграм парақшасы арқылы хабарлады.

Ыстыбаевтардың отбасында үлкен қуаныш. Бейбіт алғаш рет әке атанды.

Бұндай қуанышпен бөліскен Майғазиев, "Сүйiншi!!! "Алланың қалауымен,тағы бiр батыр дүние есiгiн ашты. Бейбiтжан, балапанның бауы берiк болсын!", - деп жазды.

Естеріңізге сала кетсек, Бейбіт Ыстыбаев 2014 жылдың наурызында шаңырақ көтерген болатын. Екі жастың үйлену тойы спортшының туған қаласы Таразда өтті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: