Бейбіт Шүменов әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

WBA (Super) тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) қараша айындағы жаңартылған рейтингінде бір сатыға жоғарылады, деп жазады "Алаш айнасы".


Бірінші ауыр салмаққа өткен Бейбіт Шүменов WBA уақытша чемпионы француз Йоури Каленгадан кейінгі екінші орында тұр.

Айта кетейік, Бейбіт Шүменов 13 желтоқсанда Лас-Вегас қаласында жаңа салмақ дәрежесі бойынша тұңғыш жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы - Батыс Виргиния чемпионы кіші-Томас Бобби.

Тағы бір қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Қанат Ислам жетінші орында тұр. Ал жеңіл салмақтағы Жанат Жақиянов алтыншы сатыда қалды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: