Барак Обама Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АҚШ Президенті Барак Обама Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекеттік хатшы Джон Керри өзінің арнайы мәлімдемесінде президент Барак Обама мен АҚШ халқының атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған сәлемін жеткізді.

"АҚШ – 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін таныған ең алғашқы елдердің бірі. Содан бергі 23 жыл ішінде біздің өзара достығымыз тек нығайып келеді. Біз экономика, энергетика және қауіпсіздік салаларындағы өзара байланыстарымызды бекіте түсуге мүдделіміз", - дейді Обама өзінің құттықтау хатында.

Сонымен қатар АҚШ президенті, Қазақстанның үкіметтік органдарымен азаматтық қоғам, жекеменшік сектор мен адам құқықтарын ілгерілету, сондай-ақ демрократиялық болашақ қалыптастыру жолында бірігіп жұмыс жасай беретін жеткізді.

Осынау ұлық күнде алда келе жатқан жаңа жылдан Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тілейтінін де атап өтті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: