Балғынбек Имашев «Жігіттер» тобына пародия жасады

Астанада өткен "Алтын домбыра" аламан айтыста Балғынбек Имашевтің елбасы жолдауы туралы айтқан жыры көрермен көңілінен шықты.

Түрлі қазақ әндердің ырғағына салып әндеткенді ұнататын Балғынбек Жолдау туралы жырын "Жігіттер" квартетінің орындауындағы "Жеңешем" әнінің мақамына салып орындаған.

Балғынбектің орындауындағы бұл пародия айтыссүйер қауымның көңілін көтеріп тастады.

Еске сала кетейік, Балғынбек Имашев үшінші рет өткен "Алтын домбыра" байқауында бас жүлде жеңіп алды.

Ал бұл айтыстың соңы қазылар мен халықтың келіспеушілігіне байланысты шуға ұласып кете жаздаған еді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: