Баян Есентаеваны табынушылары жартылай жалаңаш суреттері үшін сынады

Осы жылы 40 жасқа толғалы отырған танымал продюсердің демалыс кезіндегі әлеуметтік желілерде орналастырған суреттері түрлі пікір тудырды.

Бірі немере сүйер жасқа жеткен ананың жартылай жалаңаш суреттерді өзі таратқанын ұят әрі менталитетімізге мүлде жат десе, тағы біреулер "осынша жасқа келсе де "Баян өте әдемі, жұрт не десе о десін, осы бетіңізден қайтпаңыз. Заманына қарай адамы" деген сарындағы ойларын жеткізіп жатты.

Жоғарыдағы суретке қатысты Есентаеваның инстадосының бірі "Суретте анасы қайсы? Қызы қайсы?" - деген сұрақ қояды. Ал тағы бір пікірде Нағима есімді азамат "Менің  жеңгемнің фигурасы қандай керемет ия? Мақтан тұтам сені Баяшка" депті.

Бұл мақтауға Есентаеваның өзі де алғысын білдірген.

Бұл сурет  бір тәуліктің ішінде 30 000-ға жуық қаралып, 200-ден астам пікір жазылған.

Ал жағалауда жүгіріп жүрген видеоны Есентаеваның кіші қызы Айару инстапарақшасына салған.

Видеода көпшілік Есентаеваның жасына қарамай жас көрінетінін жазған.


Бұл - Баян Есентаеваның инстаграмдағы видеосынан жасалған фотокадр. Мұнда танымал продюсер Гоадағы демалыста өз көңілін қалай көтеріп жатқаны жайлы айтады. Есентаева бұл видеода үнді еліндегі би кешінде, сол елдің тіліндегі әуенге билейді.

Мұны көрген 30 000-ға жуық адам Есентаеваның парақшасын тағы да пікір талас алаңына айналдырған. Мыңға жуық пікірдің ішінде, бірі Есентаева спирттік ішімдікке тойып алып, ойына келгенді  істеп жатыр дейді.

Ал оқырмандарының екінші тарабы, Есентаеваның "Мен ішімдік ішпеймін. Көңілді жүргенді ұнатамын" деген жазбасына сенеді. 

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: