Баян Есентаева «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін кәрістерден көшіріп алғаны анықталды

Осы жылдың басында еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілген "Абайлаңыз сиыр" фильмі кәрістің "200 фунтов красоты" фильмінің айна-қатесіз көшірмесі екенін біраз жұрт енді байқап, әлеуметтік желілерде талқылап жатыр деп жазады Алаш айнасы.

 

"Иә, шынында аталған фильмдерді көрмей-ақ, жарнамасынан екеуінің сценарийі бірдей екенін аңғару қиын емес. Кәріс пен қазақтың семіз қыздары да өздерінің салмақтарынының кесірінен келемежге айналғаны екі фильмде бірдей суреттеледі. Тек кәрістердің семіз қызы фильм соңында дене-бітімі сындардай керемет әншіге, қазақтың семіз қызы нәп-нәзік, сүйкімді кәсіпкер әйелге айналады", - деп жазады портал.

Бүгінде әлем киногерлері сценарий аштығына ұшыраған секілді. Киноиндустриядан миллиондап қаржы табуды көздеген сайын көрерменнің көңілінен шығатын фильмдердің қарасы азайып, режиссерлер "ремейк" жасауға көшіп алғалы да біраз болды.

"Ремейк" дегенде ең алдымен есімі ауызға түсетін режиссер, әрине Тимур Бекмамбетов. Аты қазақ болғанымен Ресейдің киноқорын молайтуға қызмет етіп жүрген режиссер "ремейк" жасаудан алдына жан салмайды.

Ол кеңес кезіндегі "Қыз­меттестер хикаясы", "Тағдыр тәлкегі неме­се жеңіл буыңызбен", "Жолы болғыш жігіттер" секілді фильмдерді қайта жаңғыртып кинемотографияға "үлкен үлес қосты".

Қазақстандық әуесқой режиссерлер ішінде  Еркін Рақышев "Қызметтестер хикаясы" фильмінің желісімен "Астанаға көктем кеш келеді" және "Менің де атым Қожа" фильмін түсірді.

Жалпы мамандардың айтуынша кинемотографияның қарапайым көрерменге ең жақын жанры мелодрамалардың сценарийі бір-біріне ұқсас келеді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: