Бүгін ел аймақтарында қар жауып, боран соғады

17 желтоқсан күні Қазақстанның солтүстігінде және шығысында ауа ағымдарының өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, жел күшейеді.


Республиканың басқа өңірлерінде күн ашық, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады, ол 25 м/с дейін күшейеді, түнде тұман түседі.

Ақмола облысында кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады, түнде боран болады. Қостанай облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, боран соғады, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей аймақтарында тұман түседі, күндіз 15-20 м/с екпінмен жел соғады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: