Бүгін еліміздің солтүстігі мен шығысында қар жауады

Қазақстанның басым бөлігінде ашық күн райы сақталады, тек елдің солтүстік-батысы мен шығысында кей жерлерінде қар жауып, жел күшейіп, боран соғады, деп хабарлады Қазгидромет.


Күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, жаяу борасын жүреді.

Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, түнде Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысында кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Алакөл көлі ауданы тұсында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: