Бүгін еліміздің басым аймағында аяз қарқыны күшейеді

Қазақстанның барлық өңірлерінде дерлік күн суытып, аяз күшейеді, деп хабарлады  ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.


7-8 желтоқсан күндері Астанада түнде аяз 30 градусқа дейін суытады.

7 желтоқсанда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар жауып, бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, ұйытқуы 25 м/с-қа жетеді.

Ауаның температурасы түнде 26-31 градусқа дейін, кей жерлерде 34 градусқа дейін суытады. Ақтөбе облысында 20-25 градусқа дейін, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында - 16-21 градусқа дейін, кей жерлерде 24 градус, Маңғыстау облысында - 10-15 градусқа дейін, кей жерлерде 20 градусқа дейін аяз болады.

7 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында күшті қар жауады, бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін, ұйытқуы 25 м/с-қа дейін күшейеді.

8 желтоқсанда ауаның температурасы түнде 20-25 градусқа дейін, кей жерлерде 30 градус аязға дейін төмендейді. 7 желтоқсанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, күшті боран соғады, солтүстік-батыстан күшті жел түрып, 15-20 м/с-қа, ұйытқуы 25 м/с-қа дейін жетеді. 7-9 желтоқсан күндері ауаның температурасы түнде кей жерлерде 30-35 градусқа дейін аяздатады.

7 желтоқсанда Қызылорда облысында түнде ауаның темпертаруасы 17-22, кей жерлерде 27 градусқа дейін төмендейді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: