Бүгін Қазақстанның кей жерлерінде жел күшейеді

Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын жаумайды деп күтілуде. Тек елдің солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қар жаууы ықтимал, деп хабарлады Қазгидромет.


Кей жерлерде жел күшейіп, боран соғады. Оңтүстік-шығыста тұман болады деп күтілуде.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс-Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с көтеріліп, боран соғады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: