Бүгін Қазақстанның бірқатар аймақтарында жел күшейеді

Жексенбі, 14 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.


Кей жерлерде көктайғақ болып, жел күшейеді, еліміздің батыс пен солтүстік-батыс өңірлерінде ғана қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл обылысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болып, тұман түседі. Батыс Қазақстанда тұман, көктайғақ, екпіні 15-20 м/с жел соғып, бұрқасын болады.

Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағандыда, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстанда, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Атырау облысының бірқатар өңірлерінде көктайғақ болып, тұман түседі.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: