БҚО-да темекіден басталған жанжал кісі өлімімен аяқталды

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны А. Ахметқалиев өзінің танысын темекіні көп шеккені үшін соққыға жығып, кеуде тұсына пышақ сұққан. Енді ол жазасын темір торда 10 жыл өтейтін болады.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қанды оқиға биылғы қазанда орын алған. Сотталушы танысымен арақ ішу кезінде оның темекіні көп шегіп қойғанын сөз қылып, кикілжің бастаған. Танысы бұл сөзді қорлау деп қабылдаған.

Ақыры Ахметқалиев өзінен жасы біршама үлкен жәбірленушіні алдымен бірнеше рет ұрып, сосын қылмыстық ойын соңына дейін жеткізу мақсатында кеуде тұсына әлденеше мәрте пышақ сұққан. Сосын өлді деген оймен оқиға орнынан бой тасалаған.

Облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген жәбірленуші есін жимастан көз жұмды.

БҚО-ы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен А.Ахметқалиев қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылды. Ол ендігі өмірін 10 жыл бойы  қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өткізеді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: