БҚО-да жол апатынан төрт бірдей әйел адам көз жұмды

Зеленов ауданы Махамбет пен Горбунов ауылдарының арасында Орал-Самара күре жолының бойында "Тойота Прадо" мен "ВАЗ-2114" автокөліктері соқтығысып қалды.

Автокөлік иелерінің біреуі Самарадан келе жатса, екіншісі қарсы бағытқа бет алған. Әйел адам айдаған "ВАЗ-2114" автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, соқтығысқан.

Махамбет ауылдық округінің әкімі Болатбек Ахметжановтың сөзіне қарағанда, жүргізушіге қоса сол көліктегі тағы үш әйел көз жұмған.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: