БҚО-дағы Қазақстан мен Ресей шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұр

15 желтоқсан күні Қазақстан мен Ресей шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды. Жергілікті Мой город порталына бұл туралы ашуланған жолаушылар хабарлаған.


"Біз шекарадағы кептелісте 7 сағат тұрдық! Қазақстанға кіру үшін біздің алдымызда 400 автокөлік тұрды. Шекарадағы жағдайды айтып жеткізу мүмкін емес. Әрбір көлікті 30 минут тексерді. Мұны неге билік бақыламай отыр?", - дейді БҚО тұрғыны Ақмарал.

Ол алыс қалалардан келе жатқан көліктерде кішкентай балалар мен науқас адамдардың барлығын, осыған қарамастан, шекарашылар кезекте тұрған жүздеген көлікті асықпай тексергенін айтады.

Ал оралдық Раиса есімді кәсіпкер күйеуімен бірге шекарадан өте алмай 5 сағат тұрған.

"14 желтоқсан күні біз Самарадан оралғанбыз. Постта біз 5 сағат күттік. Олар мүлде асықпайды және қаптаған адамдарды басқара алмайды. Мұны бірдеңе қылып шешу қажет. Әйтпесе, рубль құлдыраған сайын, мұндағы кезек пен кептеліс одан әрі көбейе түседі. Посттағы шекарашылар санын көбейтсін. Адамдарды бұлай сарылтып күттіріп, басынуға  болмайды", - дейді ол.

Еске сала кетсек, рубльдің құлдырауына байланысты БҚО тұрғындары екі айдан бері Ресейдің көрші қалаларына сауда жасауға ағылған.

Бүгін Ұлттық банк көрсеткіші бойынша, рубльдің ресми курсы 3,11 теңге шақ келіп тұр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: