Бірқатар ел азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Фото: akorda.kz

Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.       

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы Қазақстанды әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваға берілді.       

Түрлі ордендермен марапатталғандар арасында Сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев та бар.

Сондай-ақ, І дәрежелі "Барыс" орденімен - "Қазақмыс" корпорациясының президенті Владимир Ким және "Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы" төрағасы Тимур Құлыбаев, ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен - Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының кеңесшісі Есмұхан Обаев, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов, ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Рабиға Сыздық марапатталды.                                                   

"Парасат" орденіне кинорежиссер С.Ж.Әзімов, жазушылар Ә.Асқаров пен М.Байғұт, Жамбыл облысы "Луговой жылқы зауыты" ЖШС директоры Х.Б.Базаралиев, Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов, композитор К.Дүйсекеев, суретші-гобеленші Б.Е.Зәуірбекова, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры И.Б.Лебедев, "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" РҚБ төрағасының бірінші орынбасары Т.А.Мамашев,  "Алтын-Диірмен" корпорациясы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ә.Б.Маралов және басқалар ие болды.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы ғылым, мә­дениет  және әлеуметтік са­ланың 48 көрнекті өкіліне берілді, Құрмет грамотасына 306 адам ие болды.

Наградталғандардың  тізімі жергілікті баспасөзде жарияланады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: