Австрия Рахат Әлиевке жаңа айып тағуы мүмкін

Рахат Әлиевке жақын арада ресми айып тағылмақ. Австрия прокуратурасы экс-елшіге қатысты тергеуді аяқтады. Енді ол бірнеше ауыр бап бойынша сотталуы мүмкін. Рахат Әлиев

Рахат Әлиев биыл 5 шілдеде Венада құрықталған болатын. Қазір сондағы тергеу изоляторында жатыр. Экс-шенеунікке бірнеше ауыр кінәлар тағылған. Әлиев өз отанында да 40 жылға сырттай сотталғанын айта кетейік.

Кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығында болған, кейін елшілік қызмет атқарған шенеунік "адам бопсалаумен айналысты", "қазына қаржысын талан-таражға салды" және "банкирлерді өлтірді", оған қоса саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың қазасына тікелей қатысы бар деп айып тағылған.

Егер Австрия соты да кінәлі деп танысы Әлиевтің біраз уақыт бостандық көрмейтіні анық.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: