Австралия полициясы тұрғындарды кепілге алған ер адамның кім екенін анықтады

Австралия полициясы тұрғындарды кепілге алған ер адамның кім екенін анықтады. Тәртіп сақшылары БАҚ өкілдеріне оның аты-жөнін атауға асықпайды.  

"Күдіктінің полицейлерге белгілі азамат екені ғана айтылуда", - деп хабарлайды "Рейтерс". Австралия премьер-министрі Тони Эбботт оның әрекетінде саяси астар болуы мүмкін деген жорамалды жоққа шығармайды.

Айта кетейік, қарулы топ Сидней дәмханаларының бірінде 40 адамды кепілге алды. Олар Эбботпен келіссөздерді талап еткен.

"Лаңкестер күллі Сиднейге жарылғыш заттар қойылды" деп мәлімдеген лаңкестер тұтқындарға терезе алдында "ислам туын" ұстатып қойған. Ал өзгелерінің ғимарат ішінде қолдарын көтерген күйі тұрғаны терезеден көрінеді.

Жергілікті БАҚ дәмханада бірнеше қарулы жауынгер бар деп жазады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: