Авиация комитеті «қара тізімге» енген компанияларға шаң жуытпады

Еурокомиссия шешіміне сәйкес, еліміздің 19 әуетасымалдаушысына "кәрі құрлық" аспанымен ұшуға рұқсат етілмей, "қаза тізімге" енген компанияларға өз елімізде ұшуға шектеу қойылмапты.

Тіпті ешқайсы ескертуді елеп, техникасын жаңартуды қажет деп таппаған. Керісінше, бағасы арзан, мерзімі өткен ескі ұшақтарды сатып алумен шектелген. Олардың қатарында көп елдің мемлекеттік реестерлерінен әлдеқашан шығарып тастаған ұшақтар бар.

Алайда, еліміздің Азаматтық авиация комитеті бұл ақпаратты мүлдем жоққа шығарып, бұл тасымалдаушыларды қызғыштай қорғап отыр.

"Скат"-тан басқасы онсыз да Еуропаға мүлдем ұшпайтын компаниялар деп бой берер емес.

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мықтыбаев: "Қара тізімге" енген компаниялардың бәрі халықаралық әуе қатынасын жасамайды, өз елімізде ғана ұшады. Бұлардың арасында "Скат" қана Еуропаға шығады. Оның өзінде чартерлік рейспен. Бұл компаниялардың сертификаттары бар, құжаттары түгел. Ұшақтары қауіпсіздік жағынан сенімді. Және тағы айтарым, бұл қара тізімге енген әуе компанияларының Еуропаға шығам деген ойлары да жоқ. Сондықтан, босқа даурығудың қажеті шамалы", - деумен шектелді.

"Сенімсіздер" қатарында "Эйр Астана" компаниясынан басқа аты – шулы Scat, Kazair Jet, Irtysh Air, Jet Airlines, Bek Air сияқты компаниялар енген. Бұл жолы қара тізімде 21 елдің 310 әуекомпаниясы бар. Тексеріс жүргізген Еурокомиссия талапқа сай келмегендеріне Еуроодақ кеңістігімен ұшуға тыйым салған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: