Атырауда мас жігіттер қабір басында көлікпен жарысқан

13 желтоқсанда Атырауда екі мас жігіт күндіз қала сыртындағы қабір басында "жигулилерімен" құйғыта жарысып, моланы бүлдірген. Екі қабірдің басына қойылған тас қираған.

Бұл туралы "Ақ Жайық" газетіне сілтеме жасап Алаш айнасы хабарлайды.

Жарысқан көлік иелерін полиция қамауға алған. "Ақ жайық" газетіне Атырау облысының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Базарғали Қадырғалиев 18 желтоқсанда ВАЗ-2107 көлігінің иесі М.Р-ға қатысты істің қарауға келіп түскенін мәлімдеген.

Қозғалған іс құжатында М.Р. болған істі былайша түсіндірген: "Мен мас болдым, сондықтан рөлге досымды отырғыздым, бірақ ол да арақ ішіп алған еді". О дүниеліктердің мазасын алғаны үшін М.Р. "Көлік құралын мас күйінде басқарды" деген айыппен 467-бап бойынша жазаланады.

Қадырғалиевтің айтуынша, әзірге М.Р-дың қасында болған досына қатысты іс сотқа түспеген

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: